Наурыз мейрамында С.Кулагин егіз ұлдардың тұсауын кесті (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. - Ұлыстың Ұлы күні Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Бауыржан мен Бақытжан есімді егіз ұлдардың тұсауын кесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгін облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында өтіп жатқан Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамына арналған салтанатты шараға қатысқан аймақ басшысы мерекелік түрлі шараларды тамашалады. Оның ішінде ең қызығы ата бабаларымыздан қалған салт-дәстүр саналатын тұсау кесер рәсімі. Осыны арнайы тамашалап көрген облыс әкімі С.Кулагин Базарбаевтар әулетінің Бауыржан мен Бақытжан есімді егіз ұлдарының тұсауын кесіп, алғаш басқан қадамдарына сәттілік тіледі.

Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, жаңа жылдың басталғанын айшықтайтын көріністер көрсетті.

2 3 4 5 6

Соңғы жаңалықтар