Наурыз мейрамында көкшетаулық мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамы жаңа ғимараттың есігін ашты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамы ақмолалықтар үшін қуанышты болды. Дәл бүгін Ұлыстың ұлы күні Көкшетауда "Ақмола облыстық мүгедектердің ерікті қоғамы" ҚБ жаңа ғимараты есігін айқара ашты.

Аталмыш ғимаратты "БАС LTD" және "КГС Сауда" ЖШС қаржысымен салынған. Енді міне, мереке күні "Ақмола облыстық мүгедектердің ерікті қоғамы" ҚБ-не қайтарымсыз беріліп отыр.

Ғимараттың ашылу салтанатына қатысқан Көкшетау қаласының әкімі Жарқын Жұмағұлов мүмкіндігі шектеулі жандарды Наурыз мерекесімен қатар осынау қуанышты оқиғамен құттықтап, оларды қолдау бағытында Мемлекет басшысы белгілеген жоспарлар іске асатынына сенім білдірді.

Қоғам басшыларының сөзіне қарағанда, мүгедектердің облыстық қоғамның материалдық-техникалық базасын жақсарту және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында аталған ғимаратта тігін цехын, тұрмыстық және теле-, бейне құралдарды жөндеу, шаштараз, жарнама және тауар бағасы 50 пайызға арзан дүкен ашу жоспарланған.

Еске сала кетсек, бүгінгі таңда Ақмола облысында 240 971 мүгедек жан тіркелген болса, оның 6124-і Көкшетау каласында тұрады.

Соңғы жаңалықтар