+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Наурыз мейрамына орай қосымша пойыздар шығады

2020 жылғы 12 наурыз 16:32
Бөлісіңіз:
Наурыз мейрамына орай қосымша пойыздар шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы Наурыз мейрамына байланысты қосымша пойыздар іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосымша пойыздар мына бағыттар бойынша жүреді: №207/208 «Алматы-2-Шымкент» бағытындағы пойызға Алматы-2 стансасынан 19, 23, 26 наурызда, Шымкенттен 20, 24, 27 наурызда жөнелтілетін 3 рейс;

- №209/210 «Алматы-2-Түркістан» бағытындағы пойызға Алматы-2 стансасынан 24 наурызда, Түркістаннан 25 наурызда жөнелтілетін 1 рейс;

- №241/242 «Қызылорда-Атырау» бағытындағы пойызға Қызылорда стансасынан 20, 24, 28 наурызда, Атыраудан 21, 25, 29 наурызда жөнелтілетін 3 рейс;

- №215/216 «Ақтөбе-Бейнеу» бағытындағы пойызға Ақтөбе стансасынан 20, 22, 24, 26, 28 наурызда, Бейнеуден 21, 23, 25, 27, 29 наурызда жөнелтілетін 5 рейс;

- №6803/6804 «Нұр-Сұлтан-Атбасар» бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 24, 25 наурызда, Атбасардан 24, 25 наурызда жөнелтілетін 2 рейс;

- №7502/7501 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 21 наурызда, Павлодардан 22 наурызда жөнелтілетін 1 рейс;

- №7510/7509 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 20, 23, 25 наурызда, Павлодардан 20, 24, 25 наурызда жөнелтілетін 3 рейс.

Сондай-ақ, №702/701 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан ағымдағы жылғы 20 наурызда, Алматы-2 стансасынан 21 наурызда жөнелтілетін 1 қосымша рейс;

- №301/302 «Алматы-2-Новосибирск» бағытындағы пойызға Алматы-2 стансасынан 2 сәуірде, Новосибирскіден 4 сәуірде жөнелтілетін қосымша рейс іске қосылады.

Ұлттық тасымалдаушы ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап «Нұр-Сұлтан-Атырау» бағытындағы жаңа пойыз «Тұлпар-Тальго» вагондарымен күн ара Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан тақ күндері жөнелтілетінін еске салады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚТЖ, Қоғам, Көлік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT