Наурыз мейрамына орай азық-түлік арзандатылған бағада сатылады - Қызылорда (ФОТО)

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Наурыз мейрамы қарсаңында Қызылордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін кестеге сәйкес Мерей мөлтекауданында және ескі жағажайда күндізгі сағат 10.00 нан 15.00 аралығында өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Сонымен қатар, облыс көлемінде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында және нарықты өнімдермен молайтуды қамтамасыз ету үшін 20 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін әріптестік келісім негізінде «Мирас» сауда орталығы көкөніс қоймалары және жаңадан белгіленген «Төмен баға» атты сауда орындары арқылы 5 864,5 тонна өнім нарық бағасынан 20 пайыз төмен сатылды (картоп-1730 тн., сәбіз-975 тн., пияз-1128 тн., қырыққабат-400 тн., жемістер-1140 тн., қызанақ, қияр-191,5 тн., сиыр еті - 300 тн).

Соңғы жаңалықтар