01.05.2023 20:53 Көлік полицейлері көктемнің қос мерекесін атап өтті АСТАНА. ҚазАқпарат - Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Наурыз мейрамы мен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекелерін атап өтті. Көлік полицейлері Астана қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің алаңына 5 киіз үй тігіп, ұлттық тағамдарға толы дастархан жайды. Оған ІІМ өкілдері, ІІО ардагерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сондай-ақ әуе және теміржол ұйымдарының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
07.04.2023 16:36 Президентке сыйға тартылған Наурыз атты күшік қалай өсіп жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлыстың ұлы күні мейрамында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйға тартылған Наурыз атты тазы күшігінің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.03.2023 10:02 Мемлекет басшысының атына Наурыз мерекесіне орай құттықтаулар келіп түсіп жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттер және халықаралық ұйым басшыларынан құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
26.03.2023 15:09 Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасы Наурызды атап өтті ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын тойлады. Көктем мерекесін отандастарымыз 2017 жылдан бері атап өтіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
26.03.2023 09:44 Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңартылды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында Наурыз мейрамына орай ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыста Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі Бауыржан Әбдіқайым Қазақстанның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.03.2023 20:24 Братиславаның орталық алаңында тұңғыш рет киіз үй тігілді БРАТИСЛАВА. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшілігі Словакия астанасында қала билігінің қолдауымен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамының құрметіне арналған мерекелік шаралар өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігі сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
23.03.2023 15:21 ШҚО-да құтқарушылар арасында ұлттық киім челленджі өтті ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары Наурыз мейрамына орай ұлттық киім челленджі өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.03.2023 13:39 Қарақалпақстандық қандастар Алматыда Наурыз мейрамын атап өтті АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданы Жаңадария ауылының бұрынғы және қазіргі тұрғындары Алматы облысы, Іле ауданының Чапаев ауылдық округінде Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.03.2023 10:50 Наурыз көже дайындау бойынша рекорд орнатылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Наурыз мерекесіне орай әзірленген ұлттық тағам рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
23.03.2023 06:29 Елордада Наурыз мерекесіне орай инновациялық киіз үй тігілді АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесіне орай елордада ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында Nur Alem маңына жақын жерде көшпелі өркениет фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.
23.03.2023 04:09 Ақтауда Наурыз тойлауға 20 мыңнан аса адам жиналды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Наурыз мейрамын тойлауға теңіз жағалауына 20 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.03.2023 03:10 Ұлытауда ең үздік киіз үйді полицейлер тікті ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Ұлытау облысының полиция департаменті «Үздік киіз үй» сайысында бас жүлдеге ие болды. Жалпы облыс орталығында 60-қа жуық киіз үй тігілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.03.2023 02:23 Атыраудағы этносаябақта қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Наурыз мерекесіне орай этносаябақта қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.03.2023 23:41 Наурыз мерекесі әлемнің әр түкпірінде аталып өтті АСТАНА. ҚазАқпарат – Наурыз мерекесі әлемнің әр түкпірінде тойланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
22.03.2023 22:37 Талдықорғанда бүгін мыңға жуық ағаш отырғызылып, жарты тонна бауырсақ таратылды ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Ұлыстың Ұлы күнінде Талдықорғанда мыңға жуық қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Қала тұрғындары мен қонақтарына мың жарым литр Наурыз көже мен алты жүз келі палау, жарты тонна бауырсақ таратылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
22.03.2023 21:41 Жамбылдықтар әз-Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтті ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде ұлттық ойындармен, түрлі қойылымдар және қызықты концерттік бағдарламалармен аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22.03.2023 19:48 Шымкенттегі этноауылда екі мың литр наурыз көже таратылды ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте наурыз мерекесі тойланып жатқан этноауылда 160 киіз үй тігіліп, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.03.2023 19:23 Вашингтондағы қазақ диаспорасы Наурызды атап өтті ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Вашингтондағы қазақ диаспорасы көп жыл бойы отандастары арасында да, АҚШ-тағы шетелдіктер арасында да қазақ мәдениетін сақтауға және зерттеуге жағдай жасап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
22.03.2023 18:55 Наурыз мерекесінде түркістандық отбасы баспаналы болды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Наурыз мерекесінде түркістандық бір отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.03.2023 18:05 Астанадағы күйші-композиторлар аллеясында домбыра мүсіні орнатылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада дауылпаз күйші Дина Нұрпейісованың ескерткіші жанында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.