Наурыз мейрамы: ҚазАқпарат тілшісі Ташкентте сумалак әзірлеуге қатысты

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Наурыз айының ортасынан бастап Өзбекстанда сумалак мерекелік тағамы дайындалады. Наурыз мейрамына арналған дәмді әзірлеуге ниетті адамдардың барлығы қатыса алады және бұл құрметті іс саналады. Өйткені, ежелгі нанымға сәйкес, сумалакты дайындауға қатысатын әйелдер мен қыздар бақытты өмір сүреді. «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі дәстүрлі өзбек тағамының дайындалу шарасына қатысып, оқырмандар назарына фоторепортаж ұсынады.

Сумалактың құрамына енетін негізгі ас - бидай. Әдетте бидай 5-7 күн ішінде егіледі. Содан кейін, үлкен ыдысқа салынғаннан кейін, әйелдер қауымы су құя отырып, оны біркелкі етіп араластырылады. Нәтижесінде пайда болған ботқаны жеке ыдысқа сүзіп алып, өндіріліп алынған ақ сүтті үлкен қазанға құяды. Сүзгіден қалған қалдықты тастамай, үй жануарларына береді, жергілікті тұрғындар бидай дәнінің қалдықтары жануарлар үшін пайдалы болатынына сенеді. Бидайды сүзгіден өткізу кезеңімен қатар бір мезгілде мақта майы құйылып, қыздырылады. Қыздырылған майға біркелкі ретпен бидайдан алынған сүт құйылады. Ұн түйірлерін болдырмау үшін үздіксіз араластыра отырып, біртіндеп ұн қосылады. Пайда болған біркелкі сұйықтыққа ас әзірлеушілер алдын ала тазартылып жуылған, көлемі жаңғақтай домалақ тастарды тастайды. Тастар ұнның күю қаупі мен кесектеліп кетпеуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, тағамды жеу кезінде сіздің табағыңыздан осындай тас шықса, тілек тілеуіңіз керек және сол тасты тұмар ретінде сақтап қою қажет деген наным бар.
null
null

null

null

null

null

Сумалакты үнемі араластырып тұру шарт. Оны қайнату кезеңі шамамен 22-24 сағатқа созылады. Ереже бойынша бұл асты тек әйелдер қауымы әзірлейді, сол себепті ас дайындау шарасына көршілер, туысқандар, қонақтар қазандық басында кезек алмастыра отырып қатысады. Ас күні бойы дайындалады. Соңында сумалак қоюлана түсіп, қою қоңыр түске боялады, хош иіс шығара бастайды. Тағам қайнатылып болған соң, қазандықтардың аузы берік жабылып, бір түнге қалдырылады, бұл уақытта қақпақ астында бұғып тиісті қалпына келеді. Бір қызығы, оған қант қосылмайды, алайда оның тәтті және жағымды дәмі бар.

null
null

null

null

null

null

null null

Авторы: Мирас Қуандықов

Соңғы жаңалықтар