Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы полициясы күшейтілген режімге көшпек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15-17 наурыз аралығында Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режіміне көшеді.

«Арнайы жоспарға сәйкес адамдар көп шоғырланған жерлерде, қала көшелерінде полиция патрулінің қатары көбейеді. Жеке құрамның қатарын көбейту мақсатында полицияның басқа да бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылмақ. Сонымен қатар, полиция көмекшілері - студенттер ұйымының да тарту көзделген. Қалалық ІІД қызметкерлері қала базарларында, сауда орындарында ұрлық, ұрланған затты сату тағы басқа қылмыстарын болдырмау үшін бақылауды нығайтады. Онымен қосымша көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтарды тексеру күшейтілмек», - деді қалалық ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Полиция хабарлағандай, мейрам қарсаңында із-түзсіз жоғалғандар мен қылмыскерлерді, ұрланған көліктерді іздеу шаралары да жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар