Наурыз мейрамы елімізге тыныштық, халқымызға молшылық әкелсін – Нұрлан Нығматулин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Наурыз мейрамына орай әр шаңыраққа шаттық тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барша қазақстандықтарды ізгілік пен ынтымақтың, жаңару мен жаңғырудың, достық пен сыйластықтың белгісі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Күн мен түнді теңестіріп, тіршілікті жаңартқан Наурыз елімізге тыныштық, халқымызға молшылық, әрбір шаңыраққа шаттық әкелсін!», - делінген палата спикерінің Twitter-дегі құттықтауында.


Соңғы жаңалықтар