USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Наурыз мерекесіне талдықорғандық жастар ерекше тарту жасады

2018 жылғы 23 наурыз 16:37
Бөлісіңіз:
Наурыз мерекесіне талдықорғандық жастар ерекше тарту жасады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының жастары Наурыз мерекесінде қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше тарту жасады. Олар қала көшелеріне шығып, ән шырқап халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік акцияны қаладағы жастарға қызмет көрсету орталығы ұйымдастырды. Шараға жоғары және арнайы орта оқу орындарынан 40-тан астам ерікті қатысты. Олар қала көшелерінде домбырамен ән айтып, күй шертіп халықтың көңілін аулады. Ұлттық киім киген жастардың бір тобы қоғамдық көліктерде халық әндерін шырқаса, енді бір тобы орталық көшелермен әндете жүріп өтті. Мұндағы басты мақсат барша жұртқа Наурыз мерекесінің келгенін сүйіншілеп, қуанышқа бөлеу, - дейді облыстық жастарға қызмет көрсету орталығының директоры Бақтияр Жақсыгелдинов.

2 млн тұрғыны бар Алматы облысы халқының үштен бір бөлігін жастар құрайды. Олар мерекелер мен қоғамдық жұмыстарда осындай краетивті идеяларымен және белсенділігімен ерекшеленуге тырысып бағуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT