Наурыз мерекесінде түркістандық отбасы баспаналы болды

None
Фото: Түркістан қаласының әкімдігі
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Наурыз мерекесінде түркістандық бір отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қаласындағы «Бекзат» тұрғын алқабында жыл сайын әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға баспана сыйлау дәстүрі қалыптасқан. Биылда аталған шара өз жалғасын тапты.

Әз-Наурыз мерекесіне орай 1992 жылы туылған азаматтар көп балалы, жалғыз басты анаға баспана салып берді. Бес баланың анасы Дана Қыдырбаева жаңа үйге қоныс аударып, көңілі қуанышқа кенелді.

Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков ырысты ынтымағын сақтап, игі шараларымен үлгі болып жүрген сектор азаматтарына алғысын айтты.

Жалпы Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі 10 күн бойы игі істермен жалғасын тапты. Ал бүгін облыс орталығы – Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекесі атап өтілді.

Айта кетейік, бұдан алдын Түркістандағы наурыз мерекесінде Арыс тұрғыны 55 келілік қошқарды 303 рет көтергенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар