Наурыз мерекесінде Қазақстанда күн жылы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 21-25 наурыз - мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жауын-шашынсыз ауа райымен байланысты антициклон біртіндеп әлсіреп, шығысқа қарай жылжиды. Оның орнына Өзбекстан мен Ресейдің еуропалық бөлігінен келетін атмосфералық фронттардың әсерінен кейде жауын-шашын, оңтүстікте жаңбыр күтіледі.

Бірақ оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарымен күндізгі ауа температурасы республиканың басым облыстарында +3...+10° дейін, оңтүстікте +13...+18°С дейін жоғарылайды, бұл көпжылдық орташа мәнге жуық және 3...5°С жоғары.

Соңғы жаңалықтар