Наурыз мерекесінде ел аумағында ауа райы қандай болады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22-24 наурыз аралығында атмосфералық фронттарға байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидрометтің» болжамынша, елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде боран соғып, қар жауады.

Республиканың оңтүстігінде жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Ал 23-24 наурызда республиканың батыс өңірлері Солтүстік-Батыс антициклонының ықпалында болады. Соның салдарынан мұнда жауын-шашын жаумайды.

Республика бойынша тұман түседі және жел күшейеді.

Еліміздің шығысында, солтүстігінде және орталығында түнгі температура 5-13-тен 10-18 градусқа дейін ауытқиды.

Күндіз термометр 0-8 градус аяздан аспайды, республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде 0-8 градус, күндіз 2-10 градус жылы болады.


Соңғы жаңалықтар