Наурыз мерекесі бүгіннен бастап бүкіл Түркияда тойланатын болады

None
None
  ЫСТАМБҰЛ. 19 наурыз. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/-  Үстіміздегі жылдың 19- 30  наурызы аралығында Түркияның Ыстамбұл, Анкара, Ескішехир, Караман, Адана, Хатай, Чанкыры, Элазығ және Кайсери сияқты

қалаларында Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымына мүше мемлекеттерден 250- ге жуық өнер адамдары мен шығармашық топтардың қатысуымен ТҮРКІСОЙ Наурыз Думаны атты мерекелік бағдарламасы өтетін болады.

Айта кетерлігі, биыл аталған шараларға тұңғыш рет Қытай Халық Республикасының Шыңжан- Ұйғыр автономиялық аймағынан 40-тан аса әртістер қатысқалы отыр.

Түркия Мәдениет және туризм министрлігі, Премье- министрліктің Таныту Қоры және Түркі дүниесінің муниципалитеттер Бірлігінің қолдауымен  21 наурыз күні « Сурет, мүсін және этнография мұражайында» ТҮРКІСОЙ мерекелік шарасы өтеді.

Бүкіл Түркияда өткізілетін ТҮРКІСОЙ Наурыз Думан мерекелік бағдарламасын атап айтар болсақ:

19 наурыз - Ыстамбұл , Эюб  Алаңы  (Eyüp Meydanı )

21 наурыз-Анкара , Мемлекеттік Сурет және мүсін мұражайы (Devlet Resim ve Heykel Müzesi )

22 наурыз-Ескішехир,  Османгази Университетінің Конгресс Орталығы (Osmangazi Üniversitesi Kongre Merkezi)

23 наурыз-Караман, Кемал Кайнаш Спорт Салоны (Kemal Kaynaş Kapalı Spor Salonu )

25 наурыз -Адана, Menderes Piknik Adası

26 наурыз -Хатай,  Хатай Мәдениет Орталығы (Hatay Kültür Merkezi)

27 наурыз-Элазығ,  Ататүрк Мәдениет Орталығы (Atatürk Kültür Merkezi)

28 наурыз -Чанкыры қаласы

29 наурыз- Девели-Кайсери  Республика алаңы (Cumhuriyet Meydanı)

30 наурыз- Кайсери қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар