Наурыз мерекесі: Арыс тұрғыны 55 келілік қошқарды 303 рет көтерді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістанда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда өткен наурыз мерекесінде Арыс қаласының тұрғыны Азамат Мақұлбеков 55 келілік қошқарды 303 рет көтеріп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бірінші орынды иеленген оған өзі көтерген қошқар сыйға берілді.

«Мен бұдан алдын қошқарды 1111 көтеріп рекорд орнатқан болатынмын. Бұрын күреспен айналыстым. Кейін қойып кеттім»-дейді ол.

«Керуен Сарай» кешенінде өткен мерекелік шара барысында күрес, қол күрес, тоғыз құмалақ секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Жастар асық ойнап, арқан тартты. Эстрада жұлдыздары әсем әндер орындап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті тұрғындарды наурыз мерекесімен құттықтады.


Мерекеге жиналған көпшілік киіз үйлерде арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.
Этноауылға саяхат жасап, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесін тамашалады.
Айта кетейік, Түркістанда наурыз мерекесі кешке эстрада жұлдыздарының концерттімен жалғасады. Ал, ертең облысқа қарасты аудан, қалаларда Әз-Наурыз мерекесі аталып өтілетін болады.

Соңғы жаңалықтар