Наурыз көжеге қандай жілік қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ халқы наурызды берекенің, мерекенің, қаражердің иіген күні, бар пейілдің кеңіген күні есептейді.

Қытайдағы қандастар арасында наурыз көжеге кәрі жілік қосу дәстүрі сақталған. Бұл туралы Шыңжаң телеарнасында біраз жылдар журналист, режиссер болып қызмет атқарған қазақ дәстүрлі мәдениеті туралы 40 бөлімді фильмнің авторы Қуаныш Ілиясұлы айтады.

«Наурыз» деректі фильмын түсіру барсында Қытайдағы қандастардың наурыз көжені жасау дәстүрін көне көз қариялардың айтуымен толық көрсеттік. Бұл күні балалардан қарттарға дейін бір дастарқанда қатарласа отырып, «Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» деп наурыз көжеден тоя ішеді. Шежіре, қиса-дастан айтып, көңіл көтереді. Ақ сақалды аталар мен ақ самайлы әжелер берекенің сөзін сөйлеп, жоқ-жітік, қиыншылғы бар жандарға көмектесуге нәсихаттайды», дейді ол.

Қариялардың айтуына қарағанда, наурыз көжеге кәрі жілік қосу-кәрі жілік-ел амандығы дейтін бабалар ырымнан болса керек. Сонымен бірге кәрі жілік малдың қол жіліктерінің ішіндегі кәделі жілік. Жолы бас пен жамбастан кейін тұрады. Кәрі жілік ұсыну, көп жаса, ғұмыр жасың ұзақ болсын, ата-баба аруағы қолдап, жаратқан жар болсын деген ізгі тілекті білдіреді. Наурыз көжеге қосылатын дәм саны жұп болмай, тақ болғаны дұрыс. Бұл тататын дәм-тұзымыз шекті болмасын, мол болсын деген атамыз қазақтың баяғыдан келе жатқан ақ тілегі.



Соңғы жаңалықтар