Наурыз қарсаңында Алматыда бірқатар көше жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында жергілікті полиция қызметі адамдар көп шоғырланған жерлерде жол қозғалысын жабады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19-25 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылы мен Абылай хан даңғылы аралығы жабық болады.

19-25 наурыз аралығында Панфилов көшесінің Бөгенбай көшесінен Қазыбек би көшесіне дейінгі аралығы солтүстік бағытта қозғалатын көліктер үшін жабық болады.

22 наурызда Панфилов көшесінің Қабанбай көшесінен Жібек жолы көшесіне дейінгі аралығында жол қозғалысы тоқтатылады.

Алматы полициясы аталған өзгерістерге байланысты жүргізушілерге жол маршрутын алдын ала жоспарлауды ескертеді.

Айта кету керек, Алматыда Наурыз қарсаңында құқық қорғау органдары күшейтілген режімге көшеді. 

Соңғы жаңалықтар