Наурыз халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын – Әлихан Смайлов

None
Фото: primeminister.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жақсылықтың жаршысы – Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын. Үкімет басшысы Әлихан Смайлов қазақстандықтарға осындай тілегін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғат пен қоғамның қайта жаңаруының мерекесі.

Жақсылықтың жаршысы – Наурыз елімізге бейбіт заман, халқымызға молшылық пен құт-береке сыйласын.

Әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!», - делінген Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың құттықтауында.

Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Қазақстанда 21-23 наурыз күндері аралығында атап өтіледі. Бұл күндер мерекелік демалыс саналады.
Соңғы жаңалықтар