Наурыз - халқымыздың бірлігінің символы - неміс диаспорасының өкілі Эзау Виктор

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамын Қазақстандағы немістер де белсенді тойлауда. Өйткені Наурыз - Қазақстандағы барша халыққа ортақ мереке. Қазақстандағы неміс диаспорасының өкілі Эзау Виктор осылай деді.

«Күн мен түн теңелген шуақты мейрамды Қазақстанда тұратын барша халық қуана тойлайды. Өйткені, біздің бірлігіміздің күші ұлтаралық келісімнің жарқын көрінісі болып отырған осындай ұлттық мерекелерде. Біз бір елде тұрған соң, біздің құндылықтарымыз да, мейрамдарымыз да ортақ. Әрине, бүгін өте керемет шуақты күнде бір-бірімізді құттықтап,мәре-сәре болып жатырмыз. Бұл жерде адамдардың бір-біріне деген көзқарасы,ықыласы одан да жақсара түсуі керек»,- деді ол.

Сонымен қатар, Виктор Эзау өзінің «Наурыз көжені» сүйіп ішетіндігін де айта кетті.

«Әрине, әзірге өзім жасап көрмеген жоқпын. Бірақ кеше өзім басқаратын Алматыдағы жаңа технологиялар колледжінде арнайы киіз үй тігіп, қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайдық. Біздің оқу орнында Қазақстан халықтарының студенттік ассамблеясы бар. Ұлтаралық келісім мен бейбітшілікке үндейтін саясатты мен барынша қолдаймын. Біз қазақ ұлтының мейрамдарs мен салт-дәстүрлеріне өте үлкен құрметпен қараймыз», - деді Виктор Эзау.

Соңғы жаңалықтар