Наурыз айында жастарға жеңілдетілген микрокредит беріле бастайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл жастарға 29 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген шарттары бар микрокердит беру жоспарланып отыр. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мнистрінің орынбасары Олжас Ордабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша наурыз айынан бастап жеңілдетілген шарттармен микрокредит беруді бастау жоспарланып отыр. Осы мақсаттарға 2023 жылға 29 млрд теңге қарастырылған. Осы қаражат есебінен 5,8 мың жас адамға жеңілдігі бар кредит беру жоспарланған. Бұлардан бөлек грант беру құралдары жасалды», - деді вице-министр

Сондай-ақ, ол 13 ақпаннан бастап кірісі жоқ жастарды SMS-хабарлама арқылы жұмысқа тарту жобасы басталғанын мәлім етті.

«Қазіргі таңда халықты жұмыспен қамту орталықтарының мамандары SMS алған алғашқы 12 мың адамға жұмыспен қамту бағытындағы белсенді шараларға тарту үшін қоңырау шалып жатыр», - деді Олжас Ордабаев.


Соңғы жаңалықтар