Наурыз айында коронавируспен сырқаттану 33 есе төмендеген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және карантин шараларын қайта қарау мен жеңілдетуге бағытталған тапсырмаларын орындады. Бүгінгі таңда күніне орта есеппен 100 жағдай тіркеледі, бұл - жақсы нәтиже. Жалпы Қазақстанда наурыз айында ақпанның осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттану 33 есе төмендеді. Репродуктивті жұқтырғыш саны үш есе азайды», - деді А. Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, инфекциялық және реанимациялық төсек-орынның 8%-ында ғана науқастар жатыр.

Соңғы айда емін жалғастыратын адамдар саны 5 есе азайған.

«Бүгінде 8 350 науқас ем алуда, оның ішінде стационарда – 6 707, амбулаторлық деңгейде – 7 680 науқас бар. Қазір Қазақстан Республикасы мен барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Вирустың омикрон нұсқасынан туындаған аурудың соңғы өршуі ең қысқа болды, шамамен бір айға созылды. Бұл КВИ таралуын болдырмау үшін мемлекеттің, бизнестің, халықтың үйлестіріліп бірлескен шараларының тиімділігімен байланысты», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар