Наурыз айында инфляция 0,5% болды - Статистика комитеті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанда инфляция - 0,5%, 2018 жылдың жетоқсанымен салыстырғанда 1,3% құрады. Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, баға азық-түлік тауарларына - 1%, азық-түлік емес тауарларына 0,3% қымбаттады. Ал ақылы қызметтерге 0,2% көтерілді.

1 сәуірдегі жағдай бойынша, жыл басынан бері азық-түлік тауарларының бағасы 3,8%, азық-түлік емес тауарлары 0,9% қымбаттаса, ақылы қызметтерге 1,4% арзандаған.


Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар