Наурыз айында айналымдағы қолма-қол ақша көлемі 2,19 трлн теңге болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдың наурыз айында қолма-қол айналымдағы ақша көлемі өткен аймен салыстырғанда 2,7% артып, 2,193 трлн теңгеге жетті. Бұл 2018 жылдың желтоқсанындағы көрсеткіштен 3% аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің ақпаратына сүйенсек, өткен айда қолма-қол ақшаларды, ликвидті теңге депозиттерін қамтитын М1 ақша агрегаты өткен айда 1,9 % (жыл басынан беріп - 3,6%) азайып, 5,402 трлн теңгені құраған. Қолма-қол ақшаларды, ликвидті теңге депозиттерін, ликвидті валюталық депозиттердің барлығын қамтитын М2 индикаторы 1,2% төмендеп (+1,2%), 14,641 трлн теңге болған.

Ақша массасы 1,6% (-6,8%) қысқарып, 19,401 трлн теңгені құраған. Ақша базасы немесе ҚР Ұлттық банкінің ақшалары биыл қаңтар айында 4,2% (былтырғы желтоқсаннан бері - 6,1%) азайып, 6,248 трлн теңге болған. Қысқаша түсінік бойынша, ақша базасы 13,4% (-15,1%), яғни 5,087 трлн теңгеге дейін кеміді.

Екінші деңгейлі банктер және басқа да ұйымдардың ҚР Ұлттық банкіндегі депозиттерінің көлемі 7,7% (-7,1%), яғни 3,747 трлн теңгеге дейін азайды.

Соңғы жаңалықтар