Наурыз: Ақтауда автобустар жолаушыларды тегін тасымалдады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат -Ақтауда Наурыз мейрамына орай қоғамдық көлік тегін қатынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлыстың ұлы күні - 22 наурыз қаладағы барлық бағыттағы қоғамдық көлікте (№ 2, 3, 4, 4м, 5, 7, 8 ) жол ақысы барлық жолаушыларға тегін болған.

Аталған акцияға қала тұрғындары алғысын жеткізді.

«Барлық қалаішілік автобустар алғаш рет тегін болды. Бұл - тұрғындар үшін болмаған жағдай. Үлкен ризашылығымды білдіргім келеді»,-деді автобустан шыққан қала тұрғыны Жазира Алпысбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда 1 наурыз - Алғыс айту, 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні және 14 наурыз Амал мейрамына орай қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік туған болатын.


Соңғы жаңалықтар