Науқасты соққыға жыққан дәрігерге қылмыстық іс қозғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың теміржол ауруханасында науқасты соққыға жыққан дәрігердің әрекетіне орай сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорданың теміржол ауруханасында болған оқиғаға байланысты Қалалық ішкі істер департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - деді Алмас Садубаев.

Еске сала кетсек, Инстаграм желісінде жерде жатқан науқасты дәрігердің тепкілегені көрсетілген видео тараған болатын. Онда оқиға «Астана қаласының №2 ауруханасында» болды деп жазылған. Алайда бұл дерек расталмады.

Кейінірек бұл келеңсіз жайт қаладағы Орталық теміржол ауруханасында болғаны анықталды.

Сонымен қатар бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова аталған оқиғадан кейін барлық ауруханалардағы бейнекамералар бақылауға алынатындығын айтты. Ал темір жол ауруханасының бас дәрігері Сергей Демочкин науқасты соққыға жыққан терапевт-дәрігер жұмыстан шығаратылатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар