+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Науқастарға дұрыс қызмет көрсетпеген Көксәйек әлеуметтік орталығының басшысы ауысты

2020 жылғы 17 қазан 13:00
Бөлісіңіз:
Науқастарға дұрыс қызмет көрсетпеген Көксәйек әлеуметтік орталығының басшысы ауысты

КӨКСӘЙЕК. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Төлеби ауданындағы №3 Көксайек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына мониторинг жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Халықтың әлеуметтік осал тобын мемлекеттік қолдауда жүйелілік жетіспейді - коммунистер

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, еңбек инспекциясы, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінен құрылған арнайы жұмысшы топ зерделеу барысында бірқатар кемшіліктерді анықтап, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдаған.

Айта кетейік, бұл шаруалар осыдан 3 ай бұрын әлеуметтік желілерде аталған мекемеде көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қоғам белсенділері тарапынан жарияланған сыни материалдар негізінде атқарылды.

Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде аталған орталықтың материалдық-техникалық базасына толық түгендеу жұмыстары жүргізілді. Қызмет алушыларға сапалы қызмет көрсету, ғимарат пен жабдықтарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, интернет байланысын жетілдіру, бейнебақылау жүйесін жаңарту үшін ағымдағы жылдың бюджетінде қаржы қарастырылды.


Сондай-ақ, орталық жанынан қоғамдық бақылау кеңесі құрылып, мекеме қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметті алушылардың заңды құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарда белсенділік танытты.

Сыни материалда көрсетілген фактілер бойынша орталықтың қаржылық қызметіне, мемлекеттік сатып алуларына жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы құзырлы органдарға Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне және облыс әкімінің аппаратына хат жолданды.

Алдағы күндері осыған байланысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізілмек.

Одан бөлек, ведомствоаралық кеңесте берілген хаттамалық тапсырмалар мен ұсынымдарға сәйкес орталық директоры лауазымына Н.Дарибаева 3 ай сынақ мерзімімен тағайындалды.

Нүргүлсім Ратбекқызы 1993 жылдан бастап әлеуметтік салада медбике, аға медбике, директор орынбасары, директор лауазымына дейін еңбектенген, мамандығы - медицина, педагогика.

Соңғы жылдары №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры қызметін атқарған.

Сонымен қатар, Еңбек министрлігінің тапсымасына сәйкес облыстағы «қадамдық қолжетімділік» шеңберіндегі қызметтерді әлеуетті алушыларға барынша жақындата отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар желісін кеңейту бойынша шаралар қабылдануда.


Осыған байланысты аймақтың 5 аудан, қаласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын салу көзделіп отыр.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Көксәйек әлеуметтік арнаулы қызметтер орталығында науқастарды талапқа сай келмейтін азық-түлікпен тамақтандырғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT