Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Науқастар тегін дәрі-дәрмекті алғанын SMS арқылы растайды - Елжан Біртанов

2018 жылғы 12 қыркүйек 14:01 357
Бөлісіңіз:
Науқастар тегін дәрі-дәрмекті алғанын SMS арқылы растайды - Елжан Біртанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халық тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектің сатылымға шықпауын қадағалайды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Кез келген тұтынушы сатушының медициналық кітапшасын сұрауға құқылы - Жандарбек Бекшин Қазақстанда 35 мыңнан астам адам туберкулездік есепте тұр

Тегін дәрі-дәрмекті алған науқастар SMS немесе мобильді қосымша арқылы министрлікке хабар беруі тиіс.

«SMS-хабарлама бойынша өткен жылы жүргізілген пилоттық жоба келесі жылы іске қосылады. SMS-пен растау арқылы тегін дәрі-дәрмектің сатылып кетпей, науқастың қолына тигеніне көз жеткізіп едік. Сонымен бірге, келесі жылы арнайы мобильді қосымша шығарамыз. Онда науқас өз рецептілерін көріп, дәрінің уақытылы жеткенін министрлікке хабарлай алады», - деді министр  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, Е. Біртанов тегін дәрі-дәрмектер тізіміне кіретін препараттардың ғана тегін берілетінін еске салды.

«Кей жағдайда дәрігерлер дұрыс түсіндірмейді. Арнайы тізімдегі дәрі-дәрмектер ғана тегін беріледі. Қалған дәрілер мемлекеттің кепілдігіне кірмейді. Тегін дәрілерді емдеуге қажетті 100 пайыз дәрі-дәрмектің 30 пайызы деп айтуға болады. Бұл көрсеткішті жыл сайын ұлғайтып жатырмыз, дегенмен қазіргі тізім осы», - деді ол.

Министр тегін дәрі-дәрмекті уақытында ала алмаған науқастардың шағымдануы қажеттігін еске салды.

«Тегін дәрі жеткізілмеген науқастар Фармация комитетінің жергілікті департаментіне телефон соғып, хабар бергені жөн. Барлық фактілерді міндетті түрде тексеріп, қажетті әкімшілік және құқықтық шешімдерді қабылдаймыз, - деді Елжан Біртанов.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT