Науқас екенін біле тұра қоғамдық орынға барғандар қандай жазаға тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тамақтану объектілерін, тәрбие мен білім беруді санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахымжанова вирус жұқтырғанын біле тұра қоғамдық орынға барған азаматтарға қандай шара қолданылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq» қосымшасы сынақтан өткен пилоттық кезеңде ешкімге шара қолданылған жоқ. Бүгінгі күні халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Егер ПТР-тест ауру жұқтырғанын расталса, инфекция жұқтырған деген сөз. Тіпті оның белгілері болмаса да, ол инфекцияны таратуы, айналасындағылар үшін қауіпті болуы мүмкін», - деген комитет өкілі «қызыл» статусты адамдарға оқшаулау шарасын қолданылатынын ескертті.

«Ауру жұқтырғандардың әрқайсысына қолхат беріледі. Онда үй карантинінде болып, оқшаулану қажет екені туралы түсініктеме беріледі. Көрсеткіштері ауруханаға жатқызуға міндеттейтін азаматтар ауруханаға жатқызылады. Бірақ қолданыстағы заңнамада адамдарды айыппұл түрінде жауапкершілікке тарту туралы Әкімшілік кодекстің баптары көзделгенін атап өту қажет. Егер 425-бап бойынша, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзса, 25 АЕК айыппұл салынады. Ал егер 431-бап бойынша айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың жұқтыру көзін және олармен қатынаста болған адамдарды жасырса, 5 АЕК көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», - деді Марал Рахымжанова.


Соңғы жаңалықтар