Науқас әйел Көкшетау әкімдігінің маңына «бомба қойған»

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласы әкімдігінің ғимаратына бомба қойылғаны туралы ақпаратқа байланысты әкімдік қызметкерлері эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтардың 30-да Көкшетау қаласындағы жедел басқару орталығының «102» арнайы желісіне 46 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, қалалық әкімдіктің маңына бомба қойылғанын айтқан.

«Осыған байланысты әкімдікте болған бірқатар қызметкерлер эвакуацияланды. Полиция департаментінің жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техник-мамандары әкімдік ғимараты маңынан жарылғыш затты таппады» дейді ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Анықталғандай, жалған хабар берген 46 жастағы әйел 2018 жылдан бері «босанғаннан кейін мінез-құлқының бұзылуы» диагнозымен психиатр дәрігердің есебінде тұрған.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 273 бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды» деп толықтырды Гүлнәр Пинчук.


Соңғы жаңалықтар