Нәубет жылдары Ақмола облысында 1,5 мың адам атылған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жергілікті мәдени орталықтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің, оқу орындары қызметкерлерінің қатысуымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған шара өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null

«Достық» мәдениет үйінде ұйымдастырылған шарада «Алаштың ұлы тұлғалары» атты биыл құрылғанына 1 ғасыр толып отырған қазақ елінің тәуелсіздігі жолында күрескен алаш арыстары мен халыққа танымал тұлғалардың портреттері мен алаш тарихына қатысты суреттердің көрмесі ұсынылды. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы миллиондардың өмірін жалмаған ашаршылық пен саяси қуғын-сүргінге арналған бейнефильм де көрсетілді. Одан әрі саяси қуғын-сүргін құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынды

null

Шараға қатысқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов сөз сөйлеп, 1998 жылдың 31 мамырынан бастап Елбасының бастамасымен елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып саналатын айта келе, тағылымды шараның маңыздылығына тоқталды.

null

«30-шы жылдардағы ашаршылықта қазақ халқының қырық пайыздай қырылды, ал саяси қуғын-сүргін кезінде жүз мыңнан астам адам жазықсыз сотталса, олардың  25 мыңы атылды. Оның ішінде Ақмола облысында  5,4 мың адам сотталып, олардың 1,5 мың атылды»  - деді Н.Нұркенов өз сөзінде.

Сонымен қатар, сталиндік солақай саясаттан зардап шекендер мен құрбан болғандардың бүгінгі ұрпақтары Ақмола облыстық  «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев, «Облыстық поляктар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкий қиын кезде ата-бабаларына қол ұшын беріп, қолдан келген көмектерін аямаған қонақжай қазақ халқына деген шексіз алғысын білдірді.

null

Шара облыстық филармонияның әншісі Сәрсенбай Хасеновтың  нәубетке арналған толғауымен мәресіне жетті.

Соңғы жаңалықтар