НАТО Таяу Шығыстағы жағдайға араласпайды - Яап де Хооп Схеффера

None
None
ың 25-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «НАТО-ға альянс ретінде Таяу Шығыста болып жатқан оқиғаларға араласудың қажеті жоқ.


Ол аймақта қалыптасқан мәселеге қатысушылар онсыз да жеткілікті», - деп мәлімдеді бүгін НАТО-ның  Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффера. Бұл туралы ол бүгін Астанада өтіп жатқан Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің III Қауіпсіздік форумы барысында ақпарат құралдарының өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас хатшының сөзіне қарағанда, НАТО-ның Ирактағы қызметі тек қауіпсіздік күштерін дайындауға  бағытталған. Бұл ұйымның қазір өте сәтті жүргізіп отырған шараларының бірі. «Бұл бағыттағы жұмыстарды біз Ауғанстанда да жүргізсек деген ниеттеміз. Бұл жұмыстардың барлығын біз американдық әріптестерімізбен бірге іске асырамыз», - деді НАТО хатшысы.

Соңғы жаңалықтар