+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

НАТО сарапшылары: Қазақстандық бітімгершілер БҰҰ бітімгершілік операцияларына қатысуға дайын

2013 жылғы 3 қазан 16:35
Бөлісіңіз:
НАТО сарапшылары: Қазақстандық бітімгершілер БҰҰ бітімгершілік операцияларына қатысуға дайын

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Құрлық әскерлері әскери институтындағы «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» оқу орталығында «Жедел әлеует тұжырымдамасы» бағдарламасы бойынша НАТО-ның ҰР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған жыл сайынғы конференциясы өтті. Бұл туралы еліміздің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бағдарлама әріптес елдер бітімгершілік бөлімшелерінің НАТО елдерінің қарулы күштерімен өзара іс-қимылға әзірлігін бағалау механизмі болып саналады.

Конференцияға Австрия, Әзірбайжан, Армения, Босния мен Герцеговина, Ұлыбритания, Грузия, Германия, Иордания, бұрынғы Югослав республикасынан Македония, Молдова, Мавритания, Норвегия, Сербия, Түркия, Украина, Финляндия, Швеция және Черногория өкілдері қатысты.

Қатысушылар бітімгершілік бөлімшелерді бағалау жүргізу саласында тәжірибе алмасты, бітімгершілік саласындағы әскери ынтымақтастық, «Жедел әлеует тұжырымдамасы» бағдарламасын дамыту мәселелерін талқылады.

Бұл іс-шара биыл жүргізілген «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонының бітімгершілік бөлімшелеріне қойылатын халықаралық стандарттарға сәйкестігін, жедел үйлесімділігін бағалау аясында Қазақстан Қарулы Күштері үшін ерекше маңызға ие.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылғы тамызда НАТО сарапшылары «Іле» полигонында «Дала қыраны-2013» бітімгершілік оқу-жаттығуын өткізу барысында «Қазбатты» бағалау жүргізген болатын. Батальон жедел үйлесімді және шетелдік бөлімшелермен бірлесіп БҰҰ бітімгершілік операцияларына қатысуға дайын деп танылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT