НАТО мен Македония альянсқа қосылу туралы хаттамаға қол қойды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - НАТО-ға мүше мемлекеттердің елшілері Македонияның альянсқа қосылуы туралы хаттамаға қол қойды. Салтанатты рәсім сәрсенбі күні Брюссельдегі штаб-пәтерде өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Құжатты барлық елдер ратификациялағаннан кейін, Македония бақылаушы ретінде НАТО отырысына қатыса алады.

«Бұл процесс сәтті өтетініне сенімдімін», - деді Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг.

Ратификация биыл аяқталуы мүмкін. Македония желтоқсанда Лондонда өтетін альянс саммитінде ресми түрде НАТО-ның 30-шы мүшесі атанады.

Македонияға елдің атауын Солтүстік Македония Республикасы деп өзгерткеннен кейін Альянсқа қосылу мүмкіндігі берілді. Грекия осы елдің атауында Грекияның Македония өңірі қайталанғанын алға тартып, оның НАТО-ға мүшелігіне қарсылық білдірген болатын.

Грекия Македонияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттаманы алғаш болып бекітпекші. Содан кейін Македония ресми түрде атауын Солтүстік Македония деп өзгертіп, бұл туралы БҰҰ-ға хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар