НАТО қауіпсіздік шараларын өзге елдермен келісе отырып жүргізеді - Бас хатшы

None
None
ың 16-cы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/- НАТО Ауғанстан аумағындағы сонымен қатар осы елмен шекаралас мемлекеттердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді толығымен мойнына алып отырған жоқ. Өйткені Ауғанстанмен көршілес елдердің барлығы да тәуелсіз және олар өздерінің қауіпсіздіктерін өздері қамтамасыз етуге қауқарлы. Оның үстіне НАТО тәуелсіз мемлекеттердің ісіне араласа алмайды.

 Бұл туралы бүгін  Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің III Қауіпсіздік форумы барысында ақпарат құралдарының өкілдеріне сұбат берген НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас хатшының сөзіне қарағанда, НАТО-ның Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілеген мандаты Ауғанстанмен ғана шектеледі. Бүгінде НАТО осы мандаттың өзін орындау үшін де көп жұмыстар атқаруы қажет. «Ал есірткі саудасы тек Пәкістан шекарасы ғана емес, Орталық Азияның өзге де мемлекеттері арқылы  жүзеге асырылуда. Сондықтан НАТО бүкіл аймақ бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аса үлкен жауапкершілікті мойнына ала алмайды. Бұл шараны біз тек өзге мемлекеттермен бірлесе отырып жүргіземіз. Біз, әрине Ауғанстан аумағындағы көптеген мәселелердің шешілуіне ықпал ете аламыз. Бірақ олардың барлығы Ауған шекарасымен шектеледі. Қорыта айтқанда, біз өзге мемлекеттің аймағында қандай да бір шаралар атқаруға құқымыз жоқ», деді НАТО-ның Бас хатшысы.

Соңғы жаңалықтар