НАТО- ға деген көзқарасты өзгерту қажет -Қ.Сұлтанов

None
None
АСТАНА. Маусымның 26-cы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/-  «НАТО-ға деген ескі көзқарастан арылу қажет», деді  Сенат депутаты Қуаныш Сұлтанов бүгін  Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан НАТО-ның «Роуз - Рот» Парламенттік Ассамблеясының 71- ші семинарында журналистерге берген сұхбатында,

     деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Біз әлемде болып жатқан жаһандық қарым- қатынастың өзгергендігін ескеруіміз қажет. Өйткені  біз НАТО- ға біреулерге күш қолдану үшін құрылған әскери блок ретінде қараймыз. Ол кезінде солай болған да. Қазір дүниежүзіндегі халықаралық қатынастар жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа үлгіге көшті. Соның ішінде НАТО- ның ұсынып отырған ұсынысы бейбітшілікті қорғауға бағытталған. Бүгінгі біздің жиынымызға қатысушылар осы НАТО ұйымының Парламенттік Ассамблеясының мүшелері. Олар кеше ғана өңірдегі қауіпсіздік мәселесін талқылаған болса, бүгін экономикалық, қоршаған ортаны қорғау саласындағы шараларды сөз етуде», деді сенатор.

 Сондай ақ Сенат Төрағасының семинар барысында жасаған баяндамасында еліміздің сыртқы саясатына қатысты мәселелерді кеңінен қамтығандығын айтты. «Біз жиынға қатысушыларға өзіміздің саясатымызды жан -жақты түсіндіріп бердік. Әйтпесе олар Қазақстанды әлі Орталық Азиядағы лаңкестік әрекеттерден көз ашпайтын ел ретінде қабылдайды.  Ал осы семинардың ұйымдастырылуына олар жоғары баға берді. Бұл Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін тұстағы игілікті іс болды», деді Қ.Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар