НАТО Бас хатшысы шұғыл Ауғанстанға барды

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ауғанстанға жарияланбаған сапармен келді.

Кабулға жасаған сапарының аясында Й.Столтенберг АИР президенті Ашраф Ғанимен, атқарушы биліктің басшысы Абдолла Абдолламен, сондай-ақ Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштері миссиясының қолбасшылығымен кездесті.

Келіссөздердің қорытындыларын шығару бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында НАТО-ның бас хатшысы ауғандық күштердің ағымдағы жылдың желтоқсан айында Солтүстік-атлант альянсының әскери миссиясы аяқталған соң елде тәртіп орнату қызметін өзіне жүктеуге қабілетті екеніне сенімін білдірді.

- Биылғы жылдың соңында ауғандық күштер елдегі қауіпсіздікке толық жауапты болады. Мен олардың осыған дайын екеніне сенімдімін, - деді Й.Столтенберг. «Бүгін мен сіздердің кейбір әскери құрамаларыңызды көрдім, олардың барлығы мені жақсы әсерде қалдырды. Сіздер Ауғанстанды күн сайын қорғап жүрген өздеріңіздегі 350 мың сарбаз бен полицейлермен толықтай мақтана аласыздар», - деп қосып өтті НАТО өкілі.

Соңғы жаңалықтар