+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

НАТО Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруда Қазақстанның рөлін ерекше бағалап отыр

2012 жылғы 5 қыркүйек 16:31
Бөлісіңіз:
НАТО Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруда Қазақстанның рөлін ерекше бағалап отыр

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен талқыланған негізгі мәселе жаһандық қауіпсіздікке қатысты болды.

Біз бұл бағытта Қазақстанның рөлін бөлек деп білеміз. Оның ішінде Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру мәселесі де бар. Бұл туралы бүгін еліміздің сыртқы істер ведомствосының басшысымен кездескеннен кейін НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясының президенті Карл Ламерс айтты.

«Сонымен қатар біз Ауғанстанда білім беру жүйесін нығайту тұрғысындағы Қазақстанның күш-жігерін де жоғары бағалаймыз. Ауғанстанды дамытуда Қазақстан әріптес болып табылады, осы орайда Қазақстанда ауғандық студенттер білім алу үшін көмек көрсетуде», - деді ол.

«Мен НАТО Парламентінің атынан келіп тұрмын және ҚР Парламентімен қарым-қатынастың жоғары деңгейде болуы өте қуантады. Біз болашақта барша Орталық Азия елдерінің парламентшілерін бір үстелге жинап, ынтымақтастықты дамыту келешегін, соның ішінде Ауғанстанға қатысты мәселелерді талқылауға үміт артамыз», - дейді К. Ламерс.

Сөз соңында ол Қазақстан мен НАТО арасындағы жемісті ынтымақтастықты әрі қарай да дамытуға ниетті екенін айтып өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT