Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына 107 млрд теңге жұмсалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Халықты нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуы көрсеткіші туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бағдарламалық құжаттардың орындалуында жетістіктер аз емес. Мәселен, өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасының қорытындысы бойынша 86 мың 177 жұмыс орны құрылды, электр энергиясын берудің 339 шақырым желісі салынды. Ірі сала құраушы жобаларды іске асыру арқылы индустриялық өсудің жаңа нүктелерін құру бағыты аясында 2018 жылы өңдеу өнеркәсібінде жұмыспен қамтылғандар саны 545,3 мың адамды құрады. Экспорттық 4 қазақстандық бренд құрылды», - деді Әлихан Смайылов Үкіметтің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру барысында.

Оның сөзіне қарағанда, Халықты нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына 107 млрд теңге қаражат жұмсалды.

«628 мың адам бағдарламаға қатысты. Оның ішінде жұмыссыздар - 508,7 мың адам (81%), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 119,3 мың (19%). 496,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 76 пайызы немесе 379,1 мың адам. Атап өту керек, 2017 жылмен салыстырғанда жұмысқа орналасқандардың ішінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеушілердің үлесі 7 пайызға артты (2018 жылы 90%-ті немесе 441 мың адамды құрады, 2017 жылы - 376 мың адам немесе 83%)», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар