«National Tourism Awards» сыйлығының иегерлері белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының туризм саласындағы сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республика көлемінде алғаш рет ұйымдастырылған ұлттық марапатқа 17 номинация мен 2 арнайы сый-сияпат тағайындалды. Байқаудың бірінші және екінші іріктеу кезеңінен соң, түпкілікті шешімді әділқазылар алқасы сараптамалық бақылау және бұқаралық онлайн дауыс беру нәтижелері негізінде қабылдады.

Аталған сыйлықтың мақсаты - жоғары туристік мәдениетті қалыптастыру мен сала мамандарының кәсіпқойлығын өсіру және оларды отандық туризмді дамыту жолында ынталандыру.  

null


«Өздеріңіз білетіндей, Елбасы отандық туризмді дамыту бағытында бірнеше нақты тапсырмалар берді. Біз осыдан 1-2 ай бұрын ішкі туризмді дамыту туралы заң жобасын әзірледік. Ал күні кеше Сенат аталған заңды қолдады. Сол сияқты тәуелсіздік алғалы туризм саласында мұндай арнаулы сыйлық болған емес, кеш те болса сол кемшіліктің орнын толтырып отырмыз. Отандық туризм мен оның дамуына үлесін қосып жүрген жеке тұлғалар мен ұйымдар жеткілікті, біздің мақсат - сол кісілердің еңбегін бағалап, олардың жұмыстарын көпшілікке насихаттау», -деді ҚР Мәденит және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

null

«National Tourism Awards» сыйлығының жеңімпаздары

«Үздік туристік компания»:

SkyWay LTD ЖШС

«Шетелдік туристер үшін үздік өнім»:

Around Almaty;

«Үздік туристік жоба»:

CityPASS Kazakhstan;

«Ішкі туристер үшін үздік туристік өнім»:

CAMPIT ЖШС;

«Үздік гид-нұсқаушы»:

Ержігіт Жұмаділов;

«Үздік бизнес отель»: 

Mariott Astana;

«Туристер үшін үздік отель»:

Astana Development Group

«Үздік өңірлік отель»:

Жұмбақтас;

«Үздік шипажай»:

Оқжетпес шипажайы (Алматы);

«Үздік хостел»:

Triumph Astana Hostel

«Балалар мен жастарға арналған үздік жоба»:

Приуралья орталығы (БҚО)Ғ

«Туризм саласындағы үздік идея»:

Indigobay International Studio;

«Туризм туралы үздік Instagram парақша»:

Ұлан Әлімбек;

 «Жылдың Travel фотографы»:

Сергей Колесников;

«Қазақстан туризмі туралы үздік мақала»:

Мәдина Әшілова

«Туризм тақырыбындағы үздік TV жоба»:

Outdoor.kz (Хабар телеарнасы);

«Туризм бойынша үздік интернет жоба»:

TOURCENTER;

Қосымша номинациялар:

«Туризмге қосқан үлесі үшін»

Владимир Вуколов

«Қазақстан туризмін дәріптеуге қосқан үлесі үшін:

Дагмар Шрайбер.

null null null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар