«National Tourism Awards» сыйлығы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы туризм саласындағы жаңа сыйлықты таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компания басшысы Рашид Күзембаевтың айтуынша, «National Tourism Awards» сияқты сыйлықтар шетелде жиі табысталады. Негізгі мақсат - туризм саласындағы үздіктерді анықтау. Қазақстандағы конкурс пилоттық жоба ретінде қолға алынып отыр.

«Егер осы бастамамыз сәтті іске асатын болса, онда ол конкурсты жыл сайын ұйымдастыратын боламыз. Бұл жолы барлық дайындық шаралары үш кезең бойынша атқарылды. Алдымен сарапшылар кеңесі құрылды. Оған салалық қауымдастықтар кіреді. Олар барлық өтініштердің ішінен үздік бестікті анықтады. Екінші кезеңде онлайн режимде дауыс берілді. Соның нәтижесінде үздік үштік шықты. Ал үшінші кезеңде қазылар алқасы жеңімпаздарды іріктеп алды», - дейді Р.Күзембаев.null 

Айта кетейік, «National Tourism Awards» сыйлығы 17 аталымнан тұрады. Жеңімпаздардың толық тізімі 8 желтоқсанда жарияланады.

Соңғы жаңалықтар