+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

National Geographic Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің фотосуреттерін жариялады

2020 жылғы 8 тамыз 17:54
Бөлісіңіз:
National Geographic Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің фотосуреттерін жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – National Geographic журналының парақшасында Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жайында мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Менің Қазақстаным» халықаралық музыка челленджі аяқталды Түркістанда композитор Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық кеші өтті Оралда Дәулеткерей мен Науша күйшіге арналған республикалық байқау өтеді

«Жергілікті редакция ел беделі мен танымалдығын арттыру үшін барын сала бермек! National Geographic Qazaqstan пандемияға қарамай редакция шақыртуын қабыл алып, бірқатар жобаларымызға ат салысқан әлемге әйгілі фотограф – George Steinmetz-ке (@geosteinmetz) ерекше алғыс білдіреді! Жергілікті редакция мен атақты фотографтың арқасында 142 миллион аудиториясы бар @natgeo парақшасында Қазақстан туралы кезекті сурет жарық көрді.

@natgeoqaz ел беделі мен танымалдығын арттыратын, отандық туризмнің дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін бірегей жобаларға өз ісінің ең үздік шеберлерін тарту үшін барын сала бермек!», - деп жазылған natgeoqaz-дың Instagram–дағы парақшасында.

Айта кетейік, Джордж Штайнмец өзінің жеке парақшасында Қазақстан өңірлерінде түсірген фотосуреттерін де көпшілік назарына ұсынды.




Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл шілде айының басында National Geographic фотографтары Нұр-Сұлтан қаласының суреттерімен арнайы фотокөрме ұйымдастырды.

Сонымен қатар, National Geographic және New York Times журналдарының танымал фотографы Джордж Штайнмец (George Steinmetz) Шымкенттің көрікті жерлерін түсірген болатын.

Шетелдік фотограф шаһардың негізгі туристік нысандарының, атап айтқанда Ескі қалашықтағы «Цитадель» жобасы, Тәуелсіздік саябағы, Қошқар ата өзені, Бәйдібек би ескерткіші мен этноауыл, Арбат пен Абай саябағы секілді көрікті орындардың фототүсірілімін жүргізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT