«National Geographic» еліміздегі үздік журнал болып танылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан «Үркер-2019» ұлттық байқауында «Жыл журналы» аталымы бойынша жеңімпаз ұжым анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл журналы» аталымына төрт ұжым ақтық үміткер ретінде қатысты:

«Ақыл-кеңес»

«National Geographic»

«Ұлыс»

«Мысль»

Солардың арасынан «National Geographic» ұжымы үздік деп танылды.

Үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан «Үркер-2019» байқауының қорытындысы биыл ресми бекітілген БАҚ қызметкерлері күніне дөп келіп отыр.

null

Соңғы жаңалықтар