Наталья Годунова: Сырттан қарыз алып, оны тиімсіз жұмсағаны үшін қатаң жауапкершілік болуы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қор қаражатын басқарудың тәсілдерін қайта қарау қажет. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өсіп келе жатқан мемлекеттік борыш елдегі макроэкономикалық тұрақтылық тәуекелдерін туғызады. Бұған қарсы тұратын қауқар әлі бар. Бірақ қабылданған борыштық міндеттемелер бойынша біздің нақты тұжырымдалған өз есебіміз болғанын, борышты қашан, қандай көздерден және қандай көлемде өтеу жоспарлануын қалар едік. Және де бір-үш жылға емес, кем дегенде 10 жылға есептелуі керек. Бұл жерде айқындық пен ашықтық қажет», - деді Наталья Годунова.

Сондай-ақ ол мемлекеттік органдардың ағымдағы қызметін іске асыру, халықаралық консультанттарды тарту және шетелдік тәжірибені зерделеу үшін сыртқы қаржыландыру көздерін тарту практикасын жою қажеттігін баса айтты.

«Бізде осы міндеттерді іске асыру үшін өзіміздің қаржылық және адами ресурстарымыз жеткілікті. Сыртқы қарызды тиімсіз тартқаны және пайдаланғаны үшін, сондай-ақ оларды уақтылы игермегені әрі күшін жойғаны үшін дербес жауаптылықты қатаңдату талап етіледі. Бұл жөнінде депутаттар да айтқан болатын», - деді комитет төрайымы.


Соңғы жаңалықтар