Наталья Годунова донор өңірлерге трансферт бөлу жүйесін сынады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова донор өңірлерге трансферт бөлу жүйесін сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Донор өңірлерден респбуликалық бюджетке неғұрлым көп түсім алынса, соғұрлым көп транферт қайта беріледі. Яғни, ахуал өзгермей тұр. Биыл донор өңірлерден 490 млрд теңге түсімді республикалық бюджетке алу көзделген. Дегенмен, мақсатты трансферттер ретінде 712 млрд теңге бөлу жоспарланған», - деді Наталья Годунова.

Оның айтуынша, осының салдарынан трансферт көлемі алым көлемінен 45 пайыз жоғары болмақ.

«Үкімет өзі әзірлеген тәсілдерді сақтап, методиканы толықтырып пысықтаса деген ойымыз бар. Сонда ғана жаңадан құрылған үш облыстың мысалында 2023 жылдың бюджетін қалыптастыру шаралары өңірлер арасындағы теңгерімсіздік қалай реттелетінін көрсетер еді», - деді Есеп комитетінің төрағасы.

Айта кету керек, Наталья Годунованың дерегі бойынша, Былтыр Ұлттық қордан алынған қаражат түскен кірістен асып кеткен.


Соңғы жаңалықтар