NASA Жер шары соңғы 20 жылда қалай өзгергенін көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA соңғы 20 жылда климаттың қалай өзгергендігін көрсететін анимациялық видео жариялады. Анимациялық ролик NASA-ның YouTube-каналына орналастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны әзірлеу кезінде спутниктік түсірілімдер пайдаланылған, олардың ең алғашқысы 1997 жылы жасалған.

Видеода Жердегі мұздықтар мен қар жамылғыларының қалай өзгергені көрсетілген. Мәселен, ауа температурасының жоғарылауына байланысты Арктика 20 жыл ішінде жасыл бола түсіп, Жер шарының кейбір жерлерінде «биологиялық бос жерлер» пайда болған.

«Өмір - бұл Жер шарын өзге мыңдаған ғаламшардан ерекше етіп тұрған жалғыз нәрсе. 1997 жылдың күзінен бастап NASA спутниктері жер бетіндегі және мұхиттардағы өсімдіктердің өмірін үздіксіз бақылап келеді», - деп атап өтеді ғарыш агенттігінен.

Жоба авторлары бұл видео адамдарды экологиялық проблемаларды шешудің маңыздылығы турасында ойландыра түседі деген үміт артады. 

Соңғы жаңалықтар