NASA туристерге арналған ғарыш стансасын ашады - Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

«Төтенше туризм» қоршаған ортаға кері әсер етеді - The Atlantic
null

Бүгінгі таңда «төтенше туризм» феномені кең тарап, ел аралағысы келетіндер қатары күрт артты. The Atlantic басылымының жазуынша, туристер санының шектен шығуы қоршаған ортаға кері әсер етіп, жергілікті тұрғындарды кедейлікке итермелейді және олардың еңбекақысын құнсыздандырады.

«Мамыр айының соңында Лувр жабылып қалды. Музей қызметкерлері Мона Лиза залының лық толы болатынын және адамдарды басқару мүмкін болмай кететінін айтып, наразылық шарасы ретінде жұмысқа шықпады. Ал әлемнің екінші түкпірінде, Эверест шыңына шығып жатқан көптеген альпинистер суреті әлеуметтік желіде кең тарап кетті. Дәл сол жерде ондаған адам қаза тауып, оған басты себеп адамдар санының көп болуы екені айтылды», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, Испаниядағы Майорка аралының тұрғындары туристерге қарсы қозғалыс бастаған. Барселона, Венеция, Рейкьявик пен Дубровник те туристерге лық толы.

«Бұл феномен төтенше туризм деп аталады. Макроэкономикалық факторлар мен бизнес тенденциялардың әсерінен танымал жерлерде туристер саны күн санап артып жатыр. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға кері әсер етеді және жергілікті халықты кедейлендіреді. Жергілікті халық туристерге бұрыннан қабақ шытып жүреді. Туристер легінің артуы макроэкономикалық көрсеткіштердің артуында жатыр. Соңғы бірнеше жылда орта тапқа жататын он миллиондаған адам саяхаттауға мүмкіндік алды. Мысалы, 2000 жылы Қытайдан жылыа 10,5 миллион адам саяхаттаса, 2018 жылы саяхаттауға 156 миллион адам шығыпты», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, бүкіл әлем бойынша 1960 жылы жылына 70 миллион адам саяхаттаса, блтр бұл көрсеткіш 1,4 миллиардқа жеткен.

«Жергілікті халық туристерге наразы. Олардың айтуынша, туристердің ұзын сонар кезегі, тәртіпсіздігі мен селфи жасау әрекеттері олардың күнделікті өміріне кері әсер етеді. Дегенмен, туризм мәдениетаралық байланыс, инвестиция, жаһандық байланыс пен демократияланған саяхат секілді мүмкіндіктер туғызады. Яғни, «төтенше туризмнің» де жақсы жақтары бар», деп жазады автор.


Сібір өмір сүруге ыңғайлы бола бастайды - Newsweek
null

Ресей мен Америка ғалымдары Сібірдегі климат өзгеруін зерттей келе, жаһандық жылыну әсерінен Сібір жері адам өміріне ыңғайлы бола бастайтынын анықтады, деп жазады Newsweek басылымы.

«Жаһандық жылыну қазіргі жылдамдықпен жалғаса беретін болса, 2080 жылға қарай Сібір ландшафты өмір сүруге ыңғайлы болады. Бұл туралы Краснояр федералды зерттеу орталығы мен АҚЩ аэроғарыш зерттеу ұлттық институтының ғалымдары анықтады. Ресейдің Азия бөлігіндегі бұл жер шамамен 13 млн шаршы километрді алып жатыр. Бұл жерде халықтың 27%ы өмір сүреді. Сібірдің көп бөлігінде үнемі аяқ тұрады. Ке жерлерінде топырақ бірнеше мыңжылдық бойы қатып жатыр. Егер жаһандық температура артатын болса, бұл жер адам өміріне ыңғайлы болып, тіпті, ауыл шаруашылығын жүргізуге де мүмкіндік беретін болады», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, ғалымдар зерттеуі Environment Research Letters журналында жарияланған.

«Ғалымдардың жазуынша, климаттың өзгеруі салдарынан 2080 жылы аяз көрсеткіші 65%дан 40%ға төмендейді. Тіпті, қазіргі жылдамдық сақталған уақыттың өзінде жаһандық жылыну нәтижесінде Сібір адам тұруға ыңғайлылық жағынан қазіргі жағдайдан бес есе көп мүмкіндік алады», деп жазады автор.


Қара құрдымға құласа не болады? - Forbes
null

«Жер шары кері әсер ете алатын сұмдық жағдайлар жетерлік. Мысалы, ғарышта дем алмай тұрса, адамның өкпесі жарылып кетеді. Ал егер бүкіл ауаны лезде жұтатын болсаңыз, бірнеше секундтан соң естен танасыз. Жер шарының кей жерінде адам мұзға айналса, кей жерде ыстықтан атомдар плазмаға айналып кетуі мүмкін. Ал адам қара құрдымға кетсе не болатынын елестетіп көрдіңіз бе?», деп жазады Forbes басылымы. Автор айналып тұрған қара құрдымға түскенде не болады деген сұраққа жауап іздеп көрген.
null null

«Әрине, бұл жағдайға куә бола алмаймыз, бірақ есептеп көруге болады. Бұл сұраққа ғылым жауап бере алады. Қара құрдымға кетіп бара жатқан объект аз жылдамдықта алыстай бастайды. Ол өзінің түсін сақтай отырып, біртіндеп жылдамдығын арттыра береді. Одан кейін объект қайта бәсеңдеп, өшіп қалады, көзден таса болады. Одан соң түсі қызылдана бастайды. Ал қара құрдымға кетіп бара жатқан объектіге алыстан қарағанда объектінің құлау орны көрінгендей болады. Қара құрдымға кетіп бара жатқан объект жерді тегіс тақта күйінде көреді», деп жазады автор.


Еңбекақыдағы гендерлік қарама-қайшылық декретке байланысты емес - Le Temps
null

Лозанна университетінің әлеуметтік ғылымдар институтының профессоры Даниэль Эш Швейцарияның Le Temps басылымында жариялаған мақаласында ерлер мен әйелдер еңбекақысындағы айырмашылықтың көп емес екенін және оған декреттің әсері жоқ екенін жазыпты.

«Статистикалық деректерге сенсек, әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда 20%ға аз. Бұл айырмашылықтың үштен бірі біліктілік пен мамандыққа байланысты туындаған. Яғни, көпшілік ойлайтындай, ерлер мен әйелдер жалақысының әртүрлі болуы жұмыс берушілердің дискриминациясы емес», деп жазады автор.

Оның айтуынша, ғалымдар 30 жасқа дейінгі адамдардың қатысуымен зерттеу жүргізген.


NASA туристерге арналған халықаралық ғарыш стансасын ашады - ВВС
null

НАСА 2020 жылдан бастап туристерге Халықаралық ғарыш стансасына кіруге рұқсат бермек. Мұндай мүмкіндік үшін туристер бір түн үшін 35 000 АҚШ долларын төлейтін болады, деп жазады ВВС басылымы.

«Америкалық ғарыш агенттігі туризмге және басқа да іскерлік кәсіпке арнап стаса ашатынын хабарлады. Агенттік директорының орынбасары Робин Гейтстің айтуынша, астронавтар жылына екі рет қысқа миссия жүргізетін болады. НАСА өкілінің мәліментінше, жеке астронавтарға Халықаралық ғарыш агенттігіне отыз күнге дейін саяхаттауға мүмкіндік берілмек», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, бұған дейін НАСА коммерциялық әрекеттерге барып, мұндай мүмкіндік берген емес.

«НАСА өкілдерінің хабарлауынша, жекеменшік коммерциялық ұйымдар агенттік алағынан ұшатын экипаж құрамы мен медициналық талаптарға толығымен жауап беретін болады. НАСА SpaceX пен Boeing компанияларын жалдап, оларға Starliner ғарыш кемесін құрастыруды тапсырды. Бұл компаниялар кез келген ғарышкерден НАСАдан алатын төлемді, яғни, бір ұшу мүмкіндігіне 60 миллион доллар алуға құқылы», деп жазады автор.

Айта кету керек, бұған дейін НАСА ғарыш стансасын кез келген коммерциялық мақсатта пайдалануға және ғарышкерлерге коммерциялық зерттеулерге қаысуға тыйым салған болатын.

Соңғы жаңалықтар