NASA ровері қонғаннан кейін «қызыл ғаламшардың» алғашқы суреттерін жіберді

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Perseverance деп аталатын NASA ровері Марсқа сәтті қонғанын АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Марсоход жерге қонғаннан кейін бірден қону алаңының алғашқы суреттерін жіберді, онда марсоходтың көлеңкесі оның қону алаңының бетінде, Йезеро кратері аумағында көрінеді.

Марсоход 6 ай бұрын ұшырылған. Perseverance және оның командасы пандемия кезінде сапардың соңғы кезеңдеріне жасалған дайындықтың қиындықтарын жеңе отырып, аппараттың атауын ақтады.

«Бұл қону NASA, АҚШ және бүкіл әлемдегі ғарышты зерттеу үшін маңызды сәттердің бірі болып табылады», - деп мәлімдеді NASA директорының міндетін атқарушы Стив Юрчик.


Соңғы жаңалықтар