NASA «Орион» капсуласын сынақтан сәтті өткізді

None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі Айдың орбитасында 26 күндік миссиядан кейін «Орион» капсуласының жаңа буынын сынақтан өткізуді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап.

Экипажсыз тестілік ғарыш кемесі Тынық мұхитына Мексиканың Гваделупа аралына жақын жерге сәтті қонды.

Ай орбитасынан қайтып келе жатып, ғарыш кемесі өте жоғары жылдамдықпен шамамен 40 мың км/сағ-пен ұшты.

Атмосферамен байланыста болған кезде ғарыш кемесінің қаптамасы Цельсий бойынша 3 мың градусқа жетті.

Ашылған 11 капсула парашюті «Орионның» жылу қалқаны жақсы жұмыс істегенін көрсетеді.

NASA өкілдері жексенбіде «Орионның» Жерге оралуын бірінші кезектегі міндет деп атады.

Бұл 2024 жылдың соңында басталатын және ай бетіне саяхатты қамтитын күрделі миссияларды бастайды.

Соңғы рет мұндай сапарды 50 жыл бұрын «Аполлон-17» экипажы жасаған. Агенттіктің жаңа жобасы грек мифологиясындағы Аполлонның әпкесінің құрметіне «Артемида» деп аталды.

NASA әкімшісі Билл Нельсон ғарыш агенттігі Айға оралып, содан кейін ғарышқа зерттеу жүргізу үшін сапар шегетінін хабарлады.

Агенттік 2030 жылдардың соңында астронавтарды Марсқа ұшыруды жоспарлап отыр.

Фото: Nasa
Соңғы жаңалықтар