NASA мен Google Марсты үйде отырып зерттеуге болатын карта жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA және Google өкілдері Қызыл ғаламшардың виртуалдық картасын жариялады. Енді интернетке қосылған әрбір адам үйінен шықпай-ақ Марс бетінің 225 миллион шақырымын зерттей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа карта арқылы Марстың тау-тасында «серуендеп», жанартаулары мен шатқалдарын тамашалауға болады. Көптеген суреттер инфрақызыл спектрде болғандықтан, ғаламшардың температура картасын байқауға болады.

Журналистердің айтуынша, Google Mars - Қызыл ғаламшардың мейлінше дәл суреттерінен құрастырылған. Оған спутниктерден түсірілген суреттер пайдаланылған. 

Соңғы жаңалықтар