НАСА Марсқа тікұшақтар жібереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың ұлттық аэроғарыштық агенттігі Марсқа баратын құралдардың орнына пайдалану жоспарланып отырған шағын тікұшақтарды тестілеуге кірісті, деп жазады Daily Mail газеті.

Ғалымдар қызыл ғаламшарды тікұшақтардың көмегімен зерттеу жылдамдығын бірнеше есе арттыруды жоспарлап отыр. Бір айда Марстың бетімен шамамен 400 метр қашықтықты еңсере алатын аппараттарға қарағанда бұл тікұшақтар күніне жарты шақырым жүре алады. Бұл ретте олар тік өрлер мен терең құздар сияқты бөгелістерден оңай өте алады.

Аппараттың тірек аяқтарда текше корпусы болады. Үстінде ротор орналасады. Тікұшақтың салмағы шамамен бір келіні құрайды. Ротор қалағының ауқымы - шамамен 1,1 метр.

Корпусына күн батареясы орнатылған. Аппарат күніне екі-үш минут қана ұша алады. Өйткені әр ұшудан соң оны қуаттандыру қажет.

Соңғы жаңалықтар