NASA Айға ұшырылатын зымыранды сынақтан өткізді

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – NASA тамыздың аяғында ұшыру алаңына орналастырылатын ай зымыранын сынақтан өткізуді аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News басылымына сілтеме жасап.

Бірінші ұшу күні осы аптада Space Launch System зымыранын алдын ала сынақтан өткізу кезінде пайда болған отын желісіндегі ақауларды жойғаннан кейін белгіленеді. Жер серігіне ұшудың бұған дейінгі әрекеттері техникалық проблемаларға байланысты тоқтатылған.

Алғашқы ұшуда экипаж болмайды, тек «Орион» капсуласын Айға және кері жіберу қарастырылған. Америкалық астронавтар 2024 жылы Айды айналып ұшады. Үшінші ғарыштық миссия барысында ғарышкерлерді Айға қондыру жоспарланып отыр. Ол 2025 жылдан кейін, «Аполлонның» Айға ұшуынан жарты ғасырдан астам уақыт өткен соң жүзеге асырылмақ.

Бұған дейін 2030 жылға қарай Қытай өзінің алғашқы ғарышкерлерін Айға, ал ғарыштық зондтарды Марс пен Юпитерге жіберуге ниетті екені хабарланған болатын.


Фото: ksby.com
Соңғы жаңалықтар